Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда интернет-алаяқтыққа қатысы бар 10-нан астам адам ұсталды

Алматыда интернет-алаяқтыққа қатысы бар 10-нан астам адам ұсталды

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары интернет-алаяқтық пен несиелерді заңсыз рәсімдеумен айналысқан қылмыстық топтардың әрекетін әшкереледі.

Қылмыскерлердің әрекетінен келтірілген жалпы шығын 300 млн теңгеден асады.

Тергеу мәліметінше, алғашқы жағдайда алаяқтар өздерін мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері ретінде таныстырып, қарт азаматтарды алдап, ірі көлемдегі қаражатты иемденген. Атап айтқанда, пәтер сату және банк депозиттерінен алынған ақшалар курьерлік жеткізу қызметтері арқылы қолма-қол алынған.

Екінші эпизодта әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қайтарымсыз автонесиелер рәсімделіп, кейін бұл автокөліктер қайта сатылғаны анықталды. Кейбір көліктер Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарылған. Қаржы ұйымдарына келтірілген шығын 66 млн теңгеден асты.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 10-нан астам күдікті ұсталып, бір адамға іздеу жарияланды. Сондай-ақ ондаған тінту жүргізіліп, нәтижесінде ақшалай қаражат, қару-жарақ, ұялы телефондар мен құжаттар тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Ұқсас материалдар