Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда қатты отын пайдалануға тыйым салынады

Алматыда қатты отын пайдалануға тыйым салынады

Алматыда газдандырылған аумақтарда қатты және сұйық отынды қолдануға тыйым салынады. Бұл талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, норма мәслихаттың 2025 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен бекітілген атмосфералық ауаны қорғау қағидаларына енгізілген.

Құжатқа сәйкес, газға қосылу мүмкіндігі бар жеке тұрғын үйлерде, моншаларда және көппәтерлі үйлерді жылытатын жекелеген қазандықтарда қатты әрі сұйық отынды пайдалануға болмайды. Тек төтенше жағдай кезінде жылу мен энергияның резервтік көздерін қолдануға рұқсат беріледі.

Талаптар шаруашылық субъектілеріне де қатысты: барлық шығарындылар көздері тазарту қондырғыларымен жабдықталуы тиіс, ал арнайы техника мен генераторлар экологиялық нормаларға сай болуы қажет.

Қазір Алматыдағы жеке сектордың газдандыру деңгейі 99,6%-ға жеткен.

Ұқсас материалдар