Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда әкімшілік ғимарат мемлекетке қайтарылды

Алматыда әкімшілік ғимарат мемлекетке қайтарылды

Алмалы аудандық прокуратурасы Алматыдағы Мемлекеттік кірістер департаментіне тиесілі әкімшілік ғимараттың бір бөлігі заңсыз жекеменшікке өтіп кеткенін анықтады.

Жалпы аумағы 486 шаршы метр болатын нысан 2006 жылы төмендетілген бағамен "БибиДана" ЖШС-ге сатылған. Кейін компания мүлікті "Саяхат" әуе компаниясы" АҚ-ға өтеусіз берген.

Прокуратура мәмілені жарамсыз деп тану жөнінде сотқа талап-арыз түсіріп, ол толықтай қанағаттандырылды. Қазіргі таңда ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылды. Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті нысанға бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұқсас материалдар