Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматылық тұтынушыларға 721 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

Алматылық тұтынушыларға 721 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

2025 жылы Алматы қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 15,1 мыңнан астам азаматтық өтінішті қарады.

Нәтижесінде тұтынушыларға 721,7 млн теңге қайтарылды.

Ең жиі тіркелген заң бұзушылықтар – тауарды қайтарудан немесе айырбастаудан бас тарту, шағымдарға уақытында жауап бермеу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген сауда үстемесін асыру.

Өтініштердің басым бөлігі бөлшек және электронды сауда саласына қатысты. Ал білім беру, медицина және қоғамдық тамақтану салаларында қызмет сапасы жөнінде шағымдар жиі түскен.

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына бақылау күшейтілген. Жыл ішінде делдалдықты тергеп-тексеру комиссиясының 24 отырысы өтіп, 523 құқық бұзу анықталған, 485 әкімшілік хаттама толтырылған.

Ұқсас материалдар