Алматы. 22 қараша. 7kun.kz – АҚШ-тың қор нарығындағы бағалы қағаздар бағасы төмендеуде.
2018 жылғы 20 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша Dow Jones индексі 2,21%-ға, S&P 500 1,82%-ға, NASDAQ - 1,70%-ға, Russell 2000 - 1,79%-ға төмендеді.
Осы индекстерге кіретін акцияларға келетін болсақ, олар да төмендеген.
Мысалы, Amazon акциялары 1,11%-ға арзандап, $1495,46 құрады. Microsoft акциялары 2,78% төмендеді - $ 101,71 және Netflix - 1,34% ($ 266,98).
Сонымен қатар, NVIDIA акциялары біршама өсті. Бағалы қағаздардың құны 3,03%-ға өсіп, $ 149,08 құрады.
Жасыл аймақта Facebook – 0,67% және Alphabet A – 0,29% болды.