Нұр-Сұлтан. 3 маусым. 7kun.kz - Ақмола облысының 37 жастағы тұрғыны онлайн-қарыз ресімдеп, артынша полицияға алаяқтық туралы арыз берген, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Алдандым» деген азамат полицияға 23 сәуірде хабарласып, белгісіз тұлғалар оның атына микроқаржы ұйымдарының бірінен онлайн-кредит рәсімдегенін мәлімдепті. Полиция "алаяқтық" бабы (ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастаған.
Алайда тергеу көрсеткендей, өтініш беруші елордада болған кезде онлайн-қарызды өзі ресімдеген екен.
Өтірігі әшкере болған ол өзінің бұл әрекетін рәсімделген несие туралы ұмытып кетіппін деп түсіндірген. Сондықтан ол алаяқтардың құрбаны болып қалдым ба деп арыз жазыпты.