Экономика
Астана су спорты түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізуге үміткер
Астана су спорты түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқына үміткер болып отыр. Одан бөлек Әбу-Даби (БАЭ) және Лима (Перу) қалалары да бар деп хабарлады «Р-Спорт» агенттігіне Халықаралық жүзу федерацияның атқарушы директоры (FINA) Корнел Маркулеску.
«Дауыс беру 22 шілдеде өтеді. Үш қала өзінде әлем чемпионатын өткізуге таласады. Олар - Астана, Лима және Әбу-Даби»,- деп мәлім етті Маркулеску. 2020 жылғы әлем чемпионатын өзінде қабылдайтын қала Қазанда 22 шілде күні белгілі болады.
24 шілдеде Қазан қаласында су спорты түрлерінен 16-әлем чемпионаты өтеді. БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстанның намысын Екатерина Руденко және Дмитрий Баландин қорғайды.
Ақпара көзі:
Қазақпарат