Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана су спорты түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізуге үміткер

Астана су спорты түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізуге үміткер

Астана су спорты түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқына үміткер болып отыр. Одан бөлек Әбу-Даби (БАЭ) және Лима (Перу) қалалары да бар деп хабарлады «Р-Спорт» агенттігіне Халықаралық жүзу федерацияның атқарушы директоры (FINA) Корнел Маркулеску.

«Дауыс беру 22 шілдеде өтеді. Үш қала өзінде әлем чемпионатын өткізуге таласады. Олар - Астана, Лима және Әбу-Даби»,- деп мәлім етті Маркулеску. 2020 жылғы әлем чемпионатын өзінде қабылдайтын қала Қазанда 22 шілде күні белгілі болады. 24 шілдеде Қазан қаласында су спорты түрлерінен 16-әлем чемпионаты өтеді. БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстанның намысын Екатерина Руденко және Дмитрий Баландин қорғайды. Ақпара көзі: Қазақпарат

Похожие материалы