«Абай жүлдесі» үшін өтіп жатқан турнирдің мақсаты – ҚР мәслихаттарының 30 жылдығын атап өту. Ең маңыздысы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын барынша қолдау және ұлттық ойынымыз — тоғызқұмалақ спортын кеңінен дәріптеу. Оны насихаттауға атсалысып жүрген БАҚ өкілдерінің арасында да жарыстар өтті. Өңірлердегі барлық мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер қамтылды. Өткен бір жарым айда еліміздің 20 аймағында (оның ішінде аудандарда, қалаларда) іріктеу турнирлері өтіп, 1,2,3-ші орын алған жеңімпаздар Астана қаласына ақтық сайысқа келді», дейді Тоғызқұмалақ федерациясы.
Бұл жарыстың ұлы ойшыл Абайдың атымен байланыстырылуының да өз символикалық мағынасы бар. Тоғызқұмалақты Абай Құнанбайұлының өзі де сүйіп ойнаған. Ол бойында өнері бар жастарды қасына үйіріп, оларды тоғызқұмалақ ойнауға баулып, үздік тоғызқұмалақшылармен бірге жұрт қызықтайтын жарыстар өткізіп отырған.
Турнир Maqsut Narikbayev University-де 11: 00-де басталып, күні бойы жалғасады. Сағат 17:00-де жеңімпаздар марапатталады.