Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Астанадағы LRT қыркүйекте іске қосылады

Астанадағы LRT қыркүйекте іске қосылады

Астанада LRT құрылысы жазда аяқталып, алғашқы пойыздар қыркүйек айында іске қосылады.

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Әкімнің мәліметінше, LRT құрылысы 2025 жылдың жазында аяқталады. Қыркүйек айында алғашқы пойыздар іске қосылып, сынақтар жүргізіледі. Бұл жобаның іске қосылуы қала тұрғындарының қатынасын жеңілдетуге және көлік жүктемесін азайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Астана қаласындағы көлік кептелісі мәселесіне назар аударып, қала әкіміне шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Астана қаласының бас жоспарына сәйкес, 2035 жылға қарай қала халқының саны 2,5 миллион адамға жетеді деп болжанып отыр. Осыған орай, қала әкімдігі бірқатар маңызды шараларды қолға алып жатыр.

Қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңартылды. Қауіпсіздік пен қалалық орта басқаруын жетілдіру үшін жасанды интеллект енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Астана әкімдігі алдағы уақытта көлік инфрақұрылымын жақсарту, қоғамдық көлікті дамыту және экологиялық тұрақтылықты арттыру бағытында жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.

Ұқсас материалдар