Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Астанадан Татарстанның астанасына тікелей әуе рейсі ашылады

Астанадан Татарстанның астанасына  тікелей әуе рейсі ашылады

Фото: Астана әуежайының баспасөз қызметі 

27 қазаннан бастап Nordwind әуе компаниясы Астана – Қазан – Астана бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауға кіріседі. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. 

Рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 әуе кемелерімен жүзеге асырылады. Жаңа әуе қатынасының ашылуы Қазақстан астанасы мен Ресейдің ірі мәдени, білім беру және іскерлік орталықтарының бірі саналатын Қазан қаласы арасындағы сапар мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Жолаушылар Қазаннан Астанаға және Астанадан Қазанға тікелей рейстермен ұша алады. Жаңа бағыт туристерге, іскерлік сапармен шығатын жолаушыларға, студенттерге және туыстарына баруды жоспарлаған азаматтарға қолайлы мүмкіндік ұсынады.

Қазан қаласы өзінің бай тарихи мұрасымен, ерекше мәдениетімен және заманауи қалалық инфрақұрылымымен саяхатшыларды қызықтырады. Ал Астана ресейлік туристер мен іскерлік орта өкілдері үшін тартымды бағыт болумен қатар, Қазақстанның өзге өңірлеріне саяхаттауға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Ұқсас материалдар