Сонымен бірге, министр ықтимал инвестор мен жобаның құны туралы сұрақтарға жауап берді.
– Жаңа әуежайлар өте ауқымды болып салынғандықтан, оған үлкен инвестиция қажет. Қазір серіктес таңдау жұмыстары жүріп жатыр. Үлкен әуежайлар сала алатын технологиялық серіктес те, инвестициялық серіктес те керек. Бұл жобамен толыққанды Астана әкімдігі айналысып отыр, олар бірқатар компаниямен келіссөз жүргізуде. Әзірге келіссөздердің нақты жай-жапсарын айта алмаймын, – деді Нұрлан Сауранбаев.





