
«Бөлінген бюджет мәселесіне келсек, санақ жұмысы республикалық бюджеттен 2025 жылға 3,7 млрд. теңге сомасында қаржыландырылады. Бір респонденттің құны 3,2$. Шығындардың негізгі бөлігі техникалық қолдау мен еңбекақыға байланысты», – деді ол ОКҚ алаңында.
Сондай-ақ спикер санаққа қанша интервьюер тартылатынын атап өтті.
«Санақ жүргізу үшін біз жұмыссыз азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ конкурстық іріктеуден және арнайы оқытудан өткен барлық ниет білдірген азамат санатынан 3700-ден астам адамды интервьюер ретінде жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз», – деді Мақсат Тұрлыбаев.
Еске салсақ, бұған дейін Бюро санақты өткізуге 5,2 млрд теңге бөлінгені туралы мәлімет берген болатын.