Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Автокөлік саудасына қатысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Автокөлік саудасына қатысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Алматы полициясы автокөліктерге қатысты алаяқтық жасады деп күдікке ілінген 29 жастағы тұрғынды ұстады. Шығын көлемі 40 миллион теңгеден асады.

Полицияның мәліметінше, алаяқтар сайттардан автокөлік сату туралы жеке хабарландыруларды іздейді. Содан кейін көлік иелерімен байланысып, көлігін кепілдікте тұрған өз көлігіне "айырбастау" туралы ұсыныс жасайды. Шын мәнінде, кепілде тұрған ешқандай көлік болмайды. Одан әрі алаяқтар жалған құжаттарды қолданып, сатушыларды мәміленің қауіпсіздігіне сендіреді. Көлікті қолына алғаннан кейін алаяқтар жоғалып кетеді, ал жәбірленуші ақшасыз әрі көліксіз қалады.

Күрделі алаяқтық схемасын Алматы полициясы әшкереледі. Осы іс бойынша бірнеше жәбірленушінің арызданғаны белгілі болды. Көлікке қатысты алаяқтықтан бөлек, ұсталған күдіктіге қымбат Rolex сағаттарын алдау жолымен иемденді деген айып тағылған. Сондай-ақ күдіктінің бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Полиция автокөлік сатушыларға бірнеше кеңес берді:

- сатып алушының құжаттарын мұқият тексеріңіз;

- кепілге қойылған мүлікке қатысты мәмілелерге келіспеңіз;

- қолма-қол ақшадан бас тартып, қауіпсіз төлем әдістерін қолданыңыз;

- егер мәміледен күдіктенсеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Ұқсас материалдар