Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Банк картасын бөтен адамға беру – енді қылмыс

Банк картасын бөтен адамға беру – енді қылмыс

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда банк карталарын үшінші тұлғаларға беру үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

ҚР Қылмыстық кодексіне жаңадан қосылған 232-1-бап – дропперлік (dropper) деп аталатын құқықбұзушылыққа қатысты. Енді мынадай әрекеттер қылмыс болып саналады:

  • Банк шоты, төлем немесе сәйкестендіру құралдарын заңсыз беру немесе алу;
  • Бөтен адамға банк картасын ақылы немесе ақысыз түрде беру;
  • Картаны заңсыз төлемдер мен ақша аударымдары үшін пайдалану.

Бұл – интернет-алаяқтықтың кең таралған әдістерінің бірі. Қаскүнемдер ұрланған ақшаны үшінші тұлғалардың шоттары арқылы заңдастырып, қолма-қол ақшаға айналдырады.

 Қандай жаза қарастырылған?

232-1-бап бойынша жаза құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты белгіленеді:

  • Айыппұл салынуы мүмкін;
  • Мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұл өзгерістердің мақсаты – кибералаяқтықпен жүйелі күрес жүргізу, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ цифрлық қылмыстық топтардың жолын кесу.

Ұқсас материалдар