Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Барлық ведомстволық жүйе QazTech бірыңғай платформасына көшіріледі

Барлық ведомстволық жүйе QazTech бірыңғай платформасына көшіріледі
Вице-премьер – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елдегі ведомстволық ақпараттық жүйелер QazTech бірыңғай платформасына кезең-кезеңімен көшіріліп жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекеттік IT-жүйелерді түгендеу аяқталып, ескірген әрі қайталанатын сервистер оңтайландырылады. Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігіндегі 30-дан астам жүйе 8-ге дейін қысқартылады.

Биыл орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің 30%-ын көшіру жоспарланған. Сонымен қатар киберқауіпсіздік талаптарын бұзғандарға жауапкершілік күшейтіледі.

Ұқсас материалдар