
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтарды әлемде қарқын алып жатқан жаңа киберқауіп туралы ескертеді.
Соның ішінде көлік тізгініндегі жүргізушілер сақ болған жөн. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының мәліметтеріне сәйкес зиянкестер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалған қаулыларды жаппай жіберіп жатыр. Хаттар мен хабарламалар электрондық пошта мен мессенджерлерге жіберіледі және жүргізуші, көлік нөмірі туралы деректерді және «айыппұл төлеуге» сілтемені қамтиды.
Шын мәнінде, бұл фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін енгізген кезде сіздің шотыңызға толық қол жеткізіледі және барлық қаражатты ұрлау мүмкіндігі туындайды. Жекелеген жағдайларда сілтемеде құрылғыдан жеке деректерді ұрлауға арналған вирусты қамтиды.
Бүгінгі күні, шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелген, сондықтан мұндай схеманың Қазақстанда таралу қаупі бар.
- Әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келіп түседі және төлем сілтемелерін қамтымайды.
- Салынған айыппұлдар туралы ақпарат egov.kz, qamqor.gov.kz арқылы банктердің мобильді қосымшаларына да беріледі.
Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және онда төлем сілтемесі болса – ол бойынша өтпеңіз! Бұл алдау! Мұндай хабарламаларды алаяқтар жібереді!
Бас прокуратураның ұсынысы:
- - сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпаңыз;
- - айыппұлдар туралы ақпаратты тек egov.kz, qamqor.gov.kz ресми ресурстарында және банктердің мобильді қосымшаларында қайта тексеріңіз.
- Егер сіз сілтеме арқылы өтіп, деректерді енгізген болсаңыз - банк картасын шұғыл бұғаттаңыз, алаяқтық фактісі туралы банкке және полицияға 102 телефоны арқылы хабарлаңыз, құрылғыны вирустың бар-жоғына тексеріңіз.
Ведомство әр азаматқа сақ болып, жақындарын ескертуді өтінеді. Алаяқтарға мүмкіндік беруге болмайды!