Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Білім беру кредитін қалай алсам болады?

Білім беру кредитін қалай алсам болады?

СҰРАҚ:

Балам грантқа ілінбей қалды. Енді ақылы бөлімде оқытпақпыз. Сол үшін кредит алсақ деп едік. Бұған арналған кредиттер бар ма?

Айжан, Талдықорған қаласынан

ЖАУАП: Қайырлы күн, Айжан. Иә, арнайы білім беру кредиті бар. «Қаржы орталығы» АҚ екінші деңгейлі банктер арқылы мұндай кредитті 12 жылға, 15 пайызбен береді. Кепіл зат талап етімлейді. «Қаржы орталығы» АҚ кепілдікті ұсынады.  Жас ерекшелігіне, кредит сомасы бойынша шектеу жоқ.

Кредитті ресімдеу үшін Қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:

  1. жеке куәлік;
  2. тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
  3. талапкерлер үшін ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі) немесе соңғы сессияны тапсыру нәтижелері;
  4. білім алуға шарт не оқу кезеңіне оқудың құны көрсетілген төлеу шоты;
  5. қарыз алушы 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының (заңды қамқоршыларының) қарыз алуға нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ Банк сұратқан жағдайда басқа да құжаттар.

Бірге қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:

  1. жеке куәлік;
  2. тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
  3. табысы туралы жұмыс орнынан анықтама қағазы;
  4. жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірме;
  5. Банк талап еткен жағдайда басқа да құжаттар.

Мұндай кредитті Халық банкі, Цесна банк, Сбербанк, Нұр банкте рәсімдеуге болады.

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алсаңыз болады: http://gate.fincenter.kz/kz/obrazovatelnye-kredity/

Немесе (кеңес алу) үшін «Қаржы орталығы» АҚ-ға хабарласыңыз.

-          Біздің мекенжайымыз: Астана қ., сол жақ жағалау, Орынбор көш., 18.

-          Телефон: 8 (7172) 695-045, 695-047, ішкі нөмерлер: 114, 118, 157, 116.

-           8 800 080 28 28 (қала телефондарынан байланысу тегін)

Похожие материалы