Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биткоин бағасы жыл басынан бері 106 мың доллардан асты

Биткоин бағасы жыл басынан бері 106 мың доллардан асты

Жыл басынан бері алғаш рет оның құны 106 мың доллардан асты. 

Сарапшылар бұл өсімді инвесторлардың Дональд Трамп әкімшілігіне сенім артуымен байланыстырады. Таяуда АҚШ президенті Таяу Шығысқа сапарынан кейін екі триллион доллар көлемінде инвестиция тартқанын хабарлады. Оның сөзінше, қомақты қаражат жаңа жұмыс орындарын құру, технологияны дамыту және экономиканың ұзақ мерзімді өсуін қамтамасыз етуге жұмсалады. Мұнан бөлек, АҚШ конгресінде дәстүрлі қаржы жүйесіне криптовалютаны енгізу туралы заң жобасының қаралуы да цифрлық валютаның өсіміне әсер етті.

Indian Express басылымының хабарлауынша, бұған қатысты АҚШ парламентінде дауыс беру процесі осы аптада өтеді.

Ұқсас материалдар