Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл Samsung Electronics 57,5 млн смартфон сатты

Биыл Samsung Electronics 57,5 млн смартфон сатты

Canalys деректеріне сәйкес, осы жылдың үшінші тоқсанында әлемдік смартфон жеткізілімі 5%-ға өскен. 

 Canalys аналитикалық компаниясының мәліметтерінде 2024 жылдың үшінші тоқсанында әлемдік смартфон жеткізілімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артып, 309,9 млн дананы құрағаны айтылды. Бұл шілде-қыркүйек аралығындағы ең үздік көрсеткіш және 2021 жылғы пандемия кезеңінен бері айтарлықтай деңгейге жетті.

Оңтүстік Кореялық Samsung Electronics әлемдік нарықта көшбасшы орнын сақтап қалып, 57,5 млн смартфон сатты. Apple Inc. (SPB: AAPL) iPhone 16 сериясының дамушы нарықтарда сәтті дебютіне байланысты рекордтық 54,5 млн дана смартфон сатып, екінші орнын сақтап қалды. Одан кейін қытайлық Xiaomi (SPB: 1810) 42,8 млн бірлік, OPPO (OnePlus брендін қоса алғанда) – 28,6 млн, және VIVO – 27,2 млн смартфон сатқан.

Ұқсас материалдар