Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
«Таяуда жиналыс өткіздім, биыл 700 млрд (егістік жұмыстарына) бөлдік. Қаражат бөлуді былтыр 29 қарашада бастадық. Кеше «Кең дала» бағдарламасы бойынша 140 млрд бағытталды... Шегірткенің таралуына жол бермеуге арналған 7 млрд теңге дайын», – деді С.Жұманғарин.
Оның айтуынша, биыл шегірткенің таралуы аумағы азайған. «Менің ойымша, биыл шегіртке мәселесін шешеміз. Тәжірибе жинақтадық», – деді Премьер-министрдің орынбасары.
Еске салсақ, былтыр күзде Қазақстанда 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру басталды. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталмақ.