Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

БҚО-да дропперлерді пайдаланған қылмыстық топ әшкереленді

БҚО-да дропперлерді пайдаланған қылмыстық топ әшкереленді

Қаржы мониторингі агенттігі Батыс Қазақстан облысында алаяқтық қаражатты дропперлер арқылы айналымға шығарған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

Тергеу мәліметінше, күдікті үшінші тұлғалардың банк шоттарын пайдаланып, заңсыз қаражатты аударып, қолма-қол ақшаға айналдыру схемасын ұйымдастырған. Бұл үшін дропперлерге 200–350 АҚШ доллары көлемінде сыйақы төленген.

Мәселен, 2025 жылы Орал қаласында студенттің атына шоттар ашылып, олар арқылы интернет-алаяқтықтан түскен қаражат шетелге аударылған. Кейін шот иесі құқық қорғау органдарына жүгініп, операциялар тоқтатылған.

Күдіктілер жәбірленушіге қысым көрсетіп, қорқыту және заңсыз әрекеттерге мәжбүрлеу фактілері де анықталған.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды, ал алты сыбайласына қатысты бұлтартпау шаралары қолданылды. Іс сотқа жолданды.

Ұқсас материалдар