Болат Жәмішев «Қазақстан халқына қорын» ашылған 2022 жылдан бері басқарып келді.
Болат Жәмішев басқарма төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады.
«Қазақстан халқына» қорының мәліметінше, қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болды, оның 62-сі іске асырылды.
«Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік болды. Біздің бастамамызда қорды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Бірге айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және қор алдағы уақытта да дами беретініне сенемін. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», – деді Болат Жәмішев.