Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Chevron Теңіздегі қауіпсіздікті күшейтуге уәде берді

Chevron Теңіздегі қауіпсіздікті күшейтуге уәде берді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Chevron корпорациясының Еуразия бойынша басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар мұнай-газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады. Ерекше назар Қазақстан-АҚШ энергетикалық серіктестігінің негізгі жобасы саналатын Теңіз кен орнына аударылды.

Chevron өкілі Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың қолайлы екенін атап өтіп, реттеуші ортаның болжамдылығы мен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл ұзақмерзімді инвестицияларға мүмкіндік беретінін айтты.

Роман Скляр Теңіз кенішінде орын алып, өндірістің уақытша тоқтауына себеп болған оқиғаларға алаңдаушылық білдірді. Өз кезегінде Chevron басшылығы салдарды жою және мұнай өндіру көлемін кезең-кезеңімен арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

Сондай-ақ компания болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу және өндіріс нысандарының қауіпсіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдар жасалатынын мәлімдеді.

Тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Ұқсас материалдар