Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне жат ұстанымдарды таңуға бағытталған әрекеттер қайта байқала бастады.
«Осы тұста Әділет партиясының ұстанымын білдіремін: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біз жаңа Конституцияны қабылдадық. Бұдан былай оны мемлекет те, қоғам да қорғауы және құрметтеуі де тиіс. Жаңа Конституциямызда «Заң мен тәртіп» қағидаты нақты бекітілген. Ешқандай діни догма Конституция мен еліміздің заңнамасынан жоғары тұра алмайды. Біз кемсітушілікке, қоғамның жіктелуіне және жастар санасын улауға әкелетін архаикалық және радикалды түсіндірмелерді қоғамға таңуға жол бермейміз. Мемлекет дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, әйелдердің қадір-қасиетін және мәдениет еркіндігін дәйекті түрде қорғауы тиіс.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
Изготовлено:
Пресс-служба партии «Әділет».
Оплачено из средств избирательного фонда ОО «Партия «Әділет».
Заказчик: Минжасаров Н.Т.





