Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Әділет» сайлауалды штабы Павлодар облысында еңбек ұжымдарымен кездесті

«Әділет» сайлауалды штабы Павлодар облысында еңбек ұжымдарымен кездесті

«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысына барып, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Құрылтай сайлауына кандидаттар қатысушыларға «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі басымдықтарды түсіндірді. Өңірдегі кездесулер барысында өнеркәсіп, энергетика, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік саладағы негізгі мәселелер талқыланды.

Екібастұз қаласындағы «Богатырь-Көмір» ЖШС өндіріс алаңында өткен көмір саласының жұмысшыларымен кездесуде өнеркәсіпті дамыту, өндіріс қуатын жаңғырту, еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік кепілдіктер мәселелері көтерілді. Партия өкілдері еңбек қатынастарына цифрлық мониторинг жүргізу арқылы жұмысшылардың құқығын қорғау көзделіп отырғанын айтты.

Құрылтай депутаттығына кандидат Бағдат Мусин Екібастұздағы көмір қорын электр энергиясын өндіруде тиімді пайдаланудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, қалада Data Center деректерді өңдеу орталықтары алқабын салу жоспарланып отыр.

«Қазіргі жасанды интеллект дәуірінде цифрлық құралдар, цифрлық шешімдер, цифрлық сервистер электр қуатын қажет етеді. Осы орайда, Екібастұз қаласында Data Center деректерді өңдеу орталықтары алқабы салынады. Осылайша біз енді жай ғана көмір мен электр қуатын ғана емес, цифрлық сервистер мен жасанды интеллектіні экспорттаймыз», – деді Бағдат Мусин. 

Айта кетейік, партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының бір блогы цифрлық дамуға, соның ішінде, өндіріс орындарына цифрлық шешімдер енгізуге арналған. Сондықтан да, Республикалық штаб өкілдері Черноярка ауылындағы ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесуде саланы цифрландыру мәселесін талқылады. Құрылтай депутаттығына кандидат Шерзод Пулатов Е-АӨК бағдарламасын іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.

Ал Павлодар мұнай-химия зауытындағы кездесуде Құрылтай депутаттығына кандидат Нұрбек Матжани шикізатты терең өңдеуге басымдық берілетінін атап өтті.

 «Қазақстан Алюминийі» АҚ еңбек ұжымымен кездесуде өндірісті жаңғырту, еңбек қауіпсіздігі, кадр даярлау және қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды. Партия 2031 жылға қарай өндірістегі жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру берілген жұмыскерлер үлесін 90 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Кездесулерде әлеуметтік салаға да назар аударылды. Құрылтай депутаттығына кандидат Динара Зәкиева партия бағдарламасында кезекте тұрған балаларды балабақшамен қамту үшін 79 мың жаңа орын және 300 мыңнан астам оқушыға арналған заманауи мектептер салынатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Павлодардың Орталық жағалауында жастар және волонтерлермен Open Talk форматындағы кездесу өтті. Партия өкілдері жастардың стартаптары мен волонтерлік бастамаларын гранттық қаржыландыру аясын кеңейту жоспарланып отырғанын жеткізді.

Штабтың Павлодар облысына сапары Ertis Promenade алаңында өткен «ӘДІЛЕТ EVENT» Open Air іс-шарасымен қорытындыланды. Мәдени шараға 75 мыңнан астам адам қатысты.

Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Ұқсас материалдар