Ұлттық банктің 18 қарашаға арналған ресми бағамы – 1 долларға 495,95 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,98 теңге. Еуро – 524,37.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 497,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 498,9 теңге. Еуро 522,5-527 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 494 теңге, сатып алу құны – 499 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,05 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 15 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,97 теңгеге қымбаттап, 496,01 теңге болған.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жалпыға бірдей декларацияға қарсы петицияға қол жинап жатыр
- 19 қараша, 2024
Сирек металл өндіретін 5 зауыт қашан ашылады?
- 19 қараша, 2024