Алматы. 25 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 367,46 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (365,44 теңге / $1) ұлттық валюта 2,02 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 367 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 367,80 теңге, жабылу курсы бір долларға 367,70 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 35 млн долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 84.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 369,5 теңге, Алматыда – 369,8 теңге.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024