Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Трамптың мәлімдемесінен кейін биткоиннің құны өсті

 Трамптың мәлімдемесінен кейін биткоиннің құны өсті
АҚШ президенті Дональд Трамп елдің криптовалюталарының стратегиялық резервін құру туралы мәлімдеп еді, бірден биткоиннің бағасына әсер етті.

Barrons порталы ақпаратынша, Binance биржасында биткоиннің Астана уақыты бойынша 22:23-тегі жағдайы тәулігіне 7,62%-ға – 91 530 долларға дейін өсті. Мәлімдемеге дейін биткоин 85 мың доллар аймағында саудаланып тұрды, ал жұма күні тіпті 80 мыңға дейін құлдыраған болатын.

20-дан астам биржаның орташа бағасын есептейтін CoinMarketCap порталының мәліметтері бойынша, биткоиннің құны 7,93%-ға – 91 724 долларға дейін өсті. 

Айта кетейік, Трамп елдің криптовалюталарының стратегиялық резервін құру туралы қаулыны мәлімдеді Оның Truth Social әлеуметтік желісіндегі жарияланымына сәйкес, жаңа криптовалюта резервіне Cardano (ADA), Solana (SOL), Ripple (XRP) сияқты криптовалюталар кіреді. Кейінірек ол биткоин мен Ethereum АҚШ-тың стратегиялық криптовалюта резервінің негізі болатынын айтты.

Ұқсас материалдар