Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Дропперлерге жаза күшейтіледі: 16 қыркүйектен бастап заң өзгереді

Дропперлерге жаза күшейтіледі: 16 қыркүйектен бастап заң өзгереді

Қазақстанда 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап өз банк шотын немесе картасын бөтен адамға беріп, алаяқтарға көмектескен азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Бұл – Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа өзгеріс.

Мамандар ескерткендей, кей азаматтар алаяқтардың «шотым бұғатталды» деген секілді сылтауларына алданып, өз картасын пайдалануға рұқсат беріп жатады. Алайда мұндай әрекет үшін 160 АЕК мөлшерінде айыппұл, 50 тәулікке дейін қамау, тіпті 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр.

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, жәбірленуші полицияға шағым түсірген сәттен бастап, барлық ақша аударымдары тексеріледі, шоттар бұғатталады, күдікті тұлғалар анықталады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгерістің басты мақсаты – алаяқтық схемалар арқылы шетелге заңсыз ақша шығаруға тосқауыл қою.

Айта кетейік, елімізде соңғы бір жылда 16 500 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген, оның тек 3200-і ғана ашылған.

Ұқсас материалдар