Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ЭЦҚ арқылы кіру тәртібі күшейтілді

ЭЦҚ арқылы кіру тәртібі күшейтілді

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетінде пайдаланушыларды авторизациялау кезінде екі факторлы аутентификация жүйесі іске қосылғанын хабарлады.

Енді жеке кабинетке кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба мен құпиясөзден бөлек, қосымша растау қажет болады. Ол үшін:

  • Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне SMS арқылы жіберілетін бір реттік кодты енгізу;
  • немесе eGov Mobile қосымшасындағы «Жеке куәлік» цифрлық құжатынан алынатын кодты пайдалану қажет.

Бұл механизм Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын және Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірі тіркелмеген тұлғаларға қолданылмайды.

Қосымша тексеру кезеңі пайдаланушылардың есептік жазбаларын қорғауға және дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуға бағытталған.

Ұқсас материалдар