Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады.
Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық бағам, валюталық операциялар, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Өз кезегінде валюталық операциялар осы аталған валюталық қатынастардың негізі болып табылатын валюталардың арасындағы әр түрлі есеп айырысулардың жүргізілуін, төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы валюталық операциялар болып табылады. Сонымен қатар валюталық операциялардың негізінен банктік операция ретінде және Ұлттық банктен лицензиясы бас басқа да валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқысы бар органдардың ваюталық операцияларды жүргізуіне байланысты валюталық операцияның көптеген түрлері болады және олар валюталық мәмілелерде әр түрлі сипатта және мақсаттарда қоладнылады.
Осыған байланысты курстық жұмыстың тақырыбы «Валюталық операциялар және оның экономикадағы түрлері» болып алынды.
Тақырыптың өзектілігі банктер және басқа да лицензиясы бар тұлғалар жүргізетін валюталық операциялардың түрлерін бүгінгі заман талабына сай жан-жақты зерттеп, оларды еліміздің тәжірибесінде тиімді қолдану, валюталық операциялардың түрлері бойынша мәмілелр жүргізуде халықаралық талаптарға сай келуін ескеру және оларды дамыту болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты еліміздегі валюталық операцияның заңдық-экономикалық сипаттамасын ашып, валюталық операциялардың негізгі түрлерін талдау.
Осыған орай келесідей міндеттер ескерілуі керек:
- Валюталық операцияларға анықтама беру және оның құрылымын қарастыру;
- Валюталық қозғалыстарға тоқталу және валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуіне тоқталу;
- Валюталық операциялардың негізгі экономикалық түрлерін талдау.
- Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережелері мен реттеу органдарын талқылау;
- Валюталық операциялар түрлерін жүргізетін маманданған ұйымдар мен олардың міндеттерін қарастыру болып табылады.
- ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
- Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы
Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын “валюта” терминiнiң мәнiне тоқталайық. Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, “валюта деп мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымдат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма –қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi”.
Кассалық келісімдер немесе дереу оырндалатын келісімдер спот (spot) ережелеріне сай жүзеге еасырылады. Спот бағамы (курсы) операция жүргізіліп жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай классикалық келісімдер валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолдналылады.
Спот валюталық операциясының мәні келісім жасалған сәттегі курсы бойынша валютаны сату, сатып алу және оны контрагент – банктердің келісім жасалған күннің ертенінен қалдырмай беру міндеттемесінде болса керек. Валютаны жеткізіп беру мерзімі «валюталандыру күні» деп аталады. Мұның өзін келісуші тараптардың өз міндеттемелерін толығымен орындайтын күн деп те айтуға болады.
Төлемдер күнін дәл анықтау валюталық рыноктың негізін құрайтын құнды компенсациялау принципін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Аталған принциптің мәні айырбас келісім шартына қатысушы тараптардың қай-қайсысы болса да екінші жаққа кредит бермейді. Практика жүзінде бұның мәні мынада: егер, Германиядағы банк дәл осы күні марка төлемін жүзеге асырса, Ұлыбритания марканың эквовалентін фунт стерлингпен төлеуі тиіс.
Ал, практика жүзінде келісуші тараптардың бір мезетте валютаны алу мүмкіндігін кепілдендіру өте ауыр іс. Әсіресе әр түрлі сағат белдеуіндегі елдер арасындағы есеп айырысуларды мұның өзі қиындығы көп жұмыс. Осыған байланысты қажетті төлемін атқарған банк контрагенттің өз міндеттемесін дәл уақытында орындағандығына сенімді емес, сондықтан кредиттік тәуелділік – делькреде пайда болады.
Кассалық операциялардың валюталық рыноктарда кеңінен қоданылуының басты себебі сыртқы саудада валютаны дер кезінде алу мақсатымен байланысты. Банкаралық рыноктағы олардың көлемі 60%-дан астам болып отыр.
Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар жатады. Соңғы жылдары қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін дәл осы мерзімдік сауда құрап отыр.
Қазақстанның рыноктық экономикаға өтуімен байланысты республикамыздағы мерзімдік сауда бірте-бірте кеңейіп келеді және оның дамуына бірқатар факторлар әсер етеді;
- біріншіден, мерзімдік келісімдер рыногы әр түрлі өнімдерді өндірушылер мен тұтынушыларды тауарды өткізуде немесе сатып алуда баға тәуелділігін кемітуге мүмкіндік береді;
- екіншіден, мерзімдік келісімдер рыногы экспорттаушылар мен импорттаушылар валюта бағамының шайқалу себебінен туындайтын тәуекелдіктен қорғайды немесе оның әсерін азайтады. Мерзімдік келісімдер шетелдік инвесторлар үшін де қолайлы болып отыр;
- үшіншіден, мерзімдік келісімдер рыногының өзі рыноктық экономиканы тұрақтандырушы механизмге айналып отыр, соның ішінде қаржы-қаражат секторының да бірқалыпты жұмыс істеуіне игі әсерін тигізіп, қаржы активтері иелеріне құндық бағамдарды қамсыздандыруға , ал кредиторларға пайыздық қойылымның өзгеруін қамсыздандыруға едәуір жәрдем жасайды.
Мерзімдік келісім шарттар рыноыгының түрлеріне келетін болсақ, олар мынадай:
- Форвардтық келісімдер рыногы;
- Фьючерстер рыногы;
- Опциондар рыногы.
Форвардтық келісімдер мерзімдік контрактылардың ең алғашқы қолданыла бастаған түріне жатады және олар бағалардың едәуір шайқалуларына қарсы жауап ретінде қалыптасады. Қазіргі кезде форвард операциялары ең алдымен шетелдік валютамен саудада қолданылады. Форвардтық контракт дегеніміз мүдделі екі жақтың биржаның қатынасынсыз келісімге көрсетілген затты алдағы белгіленген уақытта бір-біріне жеткізіп беруді міндеттейтін келісім шарт.
Форвардтық келісім-шарт тек қана валюта төңірегінде емес, сондай-ақ басқа да активтермен, айталық, тауарлар акциялар, облигациялармен де жасала береді.
Валютаны сату, сатып алу жөніндегі форвардтық келісім мынадай ережелерге сүйенеді:
- Келісім-шарт жасаған мезеттегі валютаның курсы белгіленіп, бекітіледі;
- Валютаны екінші жаққа тапсыру тұрақты кезеңдер ішінде, ең көп тараған кезеңдерде 1,2,3,6 ай мерзімдері жатады. келісім шарт жасалған мезетте ешқандай ақша сомалары ешкімге де аударылмайды.
Валюталық операциялармен шұғылданатын банктер өздеріне пайда келтіру үшін валютаның екі түрлі курсын тағайындайды:
- Сатып алушының курсы – бұл курс бойынша банк валютаны сатып алады;
- Сатушының курсы – бұл курс бойынша банк валютаны сатады. Сатып алу мен сатудың арасында түскен пайданы маржа деп атайды.
Мерзiмдiк операцияда есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда касалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасына өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды. Алыпсатарлардың мақсаты – биржадағы құндылықтардың сатып алу –сату бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу. Келесі суретте көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір бірімен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттармен ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жай көрінісіне тоқтап өтейік.
Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір келісілген уақытта - әлбетте бір айдың ішінде немесе ай ортасында өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың курсымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе пайданы сатушы алады да, жоғарыласа сатып алушы алады. Фьючерстік келісімдердің негізінде нақты пайыздық ставка мен валюталық бағамдардан құралған қаржылық шаралар жатыр. Алғашқы қаржылық фьючерстер биржасы 1972 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласында жұмыс істей бастады. Сондан бері қаржылық фьючертер саудасының өсу қарқыны тұрақты сипат алып келеді. Соңғы 10 жылдықтың өзінде келісімнен 276 млн фьючертік келісім-шартқа дейін артып олтыр. Аталған уақыт ішінде фьючерстік келісімдер арқылы саудаланылатын тауарлар түрлері едәуір өзгерістерге ұшырады. Егер бұдан 25-30 жыл бұрын сауда негізін ауыл шаруашылығы өнімдері құрап келген болса, қазіргі кезде көлемінің жартысынан артығы акциялардың, облигациялардың және шетелдік валюта үлесіне тиіп отыр. Дүниежүзілік қаржы рыноктарында соңғы жылдары пайда болған жаңалықтардың біріне және бірегейіне қаржылық фьючерстер саудасын жатқызар едік.
Бүгінгі таңда саудаланатын 10 фьючерстік контрактының алтауы қаржылық тетіктердің саудасы екендігі осы операциялармен шұғылданылатын дилерлер мен брокерлерге мәлім.
Қазіргі кезде дүниежүзілік фьючерстік сауда көлемінің 30%-ға дейінгісі АҚШ үкіметінің қазынашылық облигацияларының үлесінде болып отыр. Сонымен , фьючерстік контракт дегеніміз көлемі мен базасы алдын ала келісілген, тауар жеткізу немесе алу жөніндегі заңдық негізі бар екі жақты келісім-шарт.
Қаржылық фьючерс дегеніміз қайсыбір қаржылық тетікті алдын ала келісілген баға бойынша және белгіленген уақытта сатып алу-сату жөніндегі келісім шарт.
Қаржылық фьючерстер рыногы жалпы қаржы рыногының басқа бөліктерінен өзгешелейтін бірқатар сипаттары бар:
- Қаржылық фьючерсте рбиржаларда, белгілі ережелер шеңберінде, олардың бағалары жөнінде ашық дауыс беру арқылы сауданылады;
- Келісімдер қатаң стандартталған, сауда алдын ала белгіленген қаржы тетіктері төңірегінде (акциялар, облигациялар т.б.) жүреді де, оларды жеткізудің нақты мерзімі анық көрсетіледі;
- Қаржылық тетіктерді жеткізу, есептеу палатасы арқылы жүзеге асырылады, бұл палата тараптар өздерінің міндеттемелерін мүлтіксіз орындауы жөнінде кепілдік береді;
- Егер қайсыбір фьючерс рыногының өтімділігі төмен болса, ондай фьючерс өзінің қызметін тоқтатады;
- Фьючертер саудасын жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар, әдетте көп қаражатты керек етпейді.
Көрсетілген сипаттамалар фьючерстік келісімдер мен банк аралық форвардтық келісімдердің де айырмашылығын дәлелдейді.
Форвардтық рынокта жалпыға бірдей ережелер мен белгіленген сауда жүргізетін орын болмайды. Келісімдердің жай-жапсары тараптардың нақты мүмкіншіліктеріне қарай анықталады және оны орындау міндетіне ешкім кепілдік бермейді.
Қаржылық фьючерстер рыногын пайдаланатындардың негізгі екі қатысушысын атауға болады, оларға хеджерлер мен алыпсатарлар (спекулянттар) жатады. хеджерлердің мақсаты валюта курсы мен проценттік ставка деңгейін спот рыногына қалыптасқан позицияға қарама-қайшы позицияны жасап, оны мүмкіндігінше қолдау, содан пайда табу.
Ал алыпсатарлардың мақсаты қандай бір болса да фьючерстік мәмілеге кірісіп, болашақта сол контракты бағасының өздеріне қолайлы сәтін аңдаумен анықталады.
Опциондар мерзімдік келісім-шарттардың біріне саналады. Опцион дегеніміз белгілі активті оның анықталған бағамына және келісілге нуақытта сәйкес сатып алу, сату жөніндегі тараптарға берілетін құқықпен сатып алушыға жүктелетін міндеттеме (сатушыға) туралы екі жақты келісім шарт.
Валюталық опциондар рыногы үстіміздегі ғасырдың 70-ші жылдары көптеген елдерде белгіленген валюта бағамының орнына олардың қалықтау бағамын енгізгеннен кейін қанат жайып кеңінен дами бастады.
Валюталық опцион дегеніміз мәмілеге қатысушылардың біреуіне белгіленген баға бойынша біраз уақыт ішінде щетелдік валютаның белгілі санын сатуға немесе алуға құқық (міндеттеме емес) беретін келісім шарт. Екінші жақ келісілген уақыт ішінде әріпсінің құқығын ақшалай сыйақы ала отырып, қамтамасыз етуге міндеттеме алады.
Опцион белгіленген уақытқа дейін өз күшін сақтайды, одан кейін ол пайдаланудан қалады. Неғұрлым жиі жасалатын опциондарға – сатып алуға опцион (опцион колл) және сатуға опцион (опцион пут ) жатады .
Опцион коллды сатып алушының біраз уақыт аралығында белгіленген баға бойынша валюта сатып алуға құқығы болады ( міндеттеме емес ).
Опцион коллды сатушы, егер сатып алушы өз құқығынан бас тартпаса белгіленген баға бойынша валютаның келісілген санын сатуға міндетті.
Опцион путты сатып алушы инвеститциялық қаражатты біраз уақыт ішінде белгіленген баға бойынша сатуға құқылы. Опцион путты сатушы оның ережелерін сақталған жағдайда валютаның келісілген санын сатуға міндетті. Опциондық мәміле бойынша міндеттеме алған жақ уәдесін орындауы үшін құқығы бар жақ оған сыйақы төлейді.
Опциондық мәміле бойынша міндеттеме алған жақ уәдесін орындау үшін құқығы бар жақ оған сыйақы төлейді.
Опционның екі стилі белгілі: еуропалық және американдық. Еуропалық стиль бойынша опцион тек қана белгіленген күнде пайдаланылады. Американдық стиль бойынша опцион белгіленген мерзім ішіндегі уақыт шеңберінде жүзеге аса береді.
Своп - өте кең тараған қаржылық тетіктердің бірі. Оы банктер мен корпорациялар өздерінің активтері мен пассивтерін тиімді басқару үшін пайдаланылады.
Форвардтық келісімдер, фьючерстер және опциондар сияқты своптар да біріншіден, пайыздық тәуелділікті қамтамасыздандырады, яғни экономикалық ортадаңы жағымсыз өзгерістер әсерімен мүмкін болатын шығындар көлемін кемітіп, азайтуға көмектеседі және екіншіден қосымша табыс табу көзі болып есептеледі. Ағылшын тілінен аударғанда «swap» «айырбас» деген ұғымды білдіреді және өзінің осы мағынасында қызмет атқарады.
Своп дегеніміз (пайыздық және валюталық своп түрлеріне бірдей) бір сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағындарына өзгеруі.
Своп мәмілелері валюталық немесе пайыздық тәуелділікті болдырмау мақсатында сондай-ақ арбитраждық мақсаттарда жасалады. Жасалатын мәмілелерідің сипаттамасына орай своп операцияларын контрагенттердің бір мезгілде қаражаттарды алу, беру жөніндегі қаржылық операцияларының топтамасы деуге болады. Своп операцияларының негізгі түрлеріне пайыздық своптар мен валюталық своптар жатады. Бұлар арбитраждық мәмілелермен тәуелділікті қамсыздандыру іс-тәжірибесінде қолданылады.
Басқа типтегі операциялармен салыстырсақ своп операцияларының олардан айырмашылығын былай сипаттаған болар едік:
- Рынок көлемінің үлкендігі;
- Мәміле жасаушы контрагенттердің әр түрлілігі;
- Патентциалды клиенттер шеңберінің кеңдігі;
- Көп түрлі мәмілелер нысандарының икемділігі;
Своп операцияларының негізгі екі түрі болады дейік. Енді солардың анықтамасын келтірейік.
Пайыздық своптар экономикалық жағынан сипаттайтын болсақ, онда ол белгілі мерзім ішінде ұйғарылған сомадан түсетін пайыздық төлемдердің айырбасы. Заңдық көзқараста пайыздық своп дегеніміз тараптардың пайызыдқ төлемдерін өзара айырбастау жөніндегі келісімі.
Пайыздық своптар мынадай мақсатр үшін қолданылады:
- облигациялық рыногына шығуы мүмкін болмаған жағдайда белгіленген ставка бойынша қаражаттар келтіруді қамтамасыз ету;
- облигациялар немесе кредиттер рыногында дәл осы кезең қалыптасқан. Ставкада төмен деңгейде қаражаттар келтіру мүмкіндігіне жету;
- қосымша қаражаттарсыздар ақ міндеттемелер портфелін қайта құру мақсаттарын орындау;
- активтер портфелін қосымша қаражатсыз қайта құру;
- свопты активтерді қамтамасыздандыру үшін де, міндеттемелерді қамсыздандыру үшін де пайдалану;
Пайыздық своптарға қатысу ісінде ешқандай кедергілер жоқ. Дегенмен, своп жөнінде келісімге келген тараптар келісім мерзімі аяқталғанша кредиттік тәуелділікті басынан кешіреді.
Своп рыногындағы банктердің қызметі екі түрлі болып келеді: олар тараптар арасында делдалдық қызмет атқарады және өздерінің жеке активтері мен пассивтерін басқару мақсатында әрекеттер жасайды.
Пайыздық своп барлық валюталарда жүзеге асырылады, дегенмен ең көп тараған және мейлінше белсенді валюта, әрине американдық доллар. Әрине своптар кез келген мерзімге жасала береді. Своп мәмілелерінің ең төменгі сомасы 5 млн доллар, 5 млн. ағылшын фунты, 10 млн неміс маркасы.
Валюталық своп дегеніміз спот және форвард ережелеріне сәйкес валюталармен екі конверсиялық мәмілелер комбинациясы. Бұл жердегі конверсия ұғымы келісім шарттарды өзгерту дегенді білдіреді. Бір конверсия дереу жеткізуді білдірсе, екінші алдын ала келісілген шарт бойынша кейінірек жеткізуді ұйғарады.
Валюталық своп оған қатысушы контрагенттерге ерсілі-қарсылы қаражаттар ағынын қамтамасыз етуге мүмкіндіктер береді. Валюталық своптың негізгі терминдеріне мыналар жатады:
- Валюталық позиция дегеніміз валюталардың коды және мерзімдері бойынша міндеттемелердің ара қатынасы. Валюталық позициялар жабық, ашық, ұзын және қысқа болып бөлінеді.
Жабық позиция жағдайында әрбір валютаға қатысты міндеттемелер мен талаптар өздерінің сомасы мен мерзімі бойынша дәлме-дәл келіп, бірдей болады. Бұл ереже орындалмаған жағдайда позиция ашық деп жарияланады. Әрбір валютаның кодына қатысты ашық позиция ұзын немесе қысқа болып келеді.
Ұзын позицияда валютаны талап ету мәселесі міндеттемеден басымырақ болады. Керісінше, қысқа позиция жағдайында валюталық міндеттеме басымдық танытады.
Валюталық операциялар қарыз тетіктерін туындататын ақша ағындарының сипаттамасын өзгертуге мүмкіндік береді, сөйтіп операцияны жүзеге асырушы жаққа оны тартымдырақ етеді.
Валюталық своп мәмілелерінің негізгі мақсаттары төмендегідей:
- рыноктың сегменттелуіне жол бермейтін арбитраждық мәмілелерді жүзеге асыру арқылы қаражатты келтіру мен орналастыру ставкаларының алшақтық деңгейін төмендету. Мұның өзі валюталық рыноктың тиімділігін жоғарлатады;
- валюта бағамдары мен проценттік және валюталық тәуелділіктерді икемді басқару;
- стандартты тетіктер комбинациясын қолдану арқылы алда тұрған мақсаттарды шешу барысында кездесетін көптеген мәселелердің шешімін тауып қолдану болып табылады.
Арбитраж дегеніміз өзі қаржылық рыноктың әр түрлі секторындағы бағалар айырмашылығына негізделген құбылыс. Дәлірек айтсақ, арбитраж деге нсатып алуда, сатуда немесе төлемдерде қалыптасқан жағдайлардың мүмкіндігінше ең тиімдісін таңдап алу.
Дүниежүзілік рыноктың дамуына байланысты арбитраждық операциялардың объектілері болып алтын, басқа да қымбат бағалы металдар, валюталар, меншік титулдары саналады. Валюталық операцияларды қолданатын арбитраж түсінігіне пайда табу мақсатымен валютаны сатып алу-сату операциялары кіреді.
Арбитраждық операциялар қорларды қымбастырақ кезінде сатып, ал олар арзандаған шақта сатып алу арқылы пайда келтіреді. Арбитраждың алып сатарлықтан айырмашылығы да осы жерде. Арбитраздық қызметтің ең жанданатын кезі әр түрлі мемлекеттер валютасының тұрақсыздыққа ұшыраған сәттерінде көрініс табады. Арбитраждық операциялар дереу немесе алдағы уақытта пайда табу үшін пайдалана береді. Арбитраждық операциялардың кеңінен тараған мынадай түрлері бар:
- валюталық арбитраж;
- проценттік арбитраж;
- тауарлық арбитраж.
Валюталық арбитражға валюталық бағамдар айырмашылығынан пайда табу мақсатында ресурстарды бір валютадан екінші валютаға қарай аудару операциялары жатады. басқаша айтқанда, проценттік арбитраж қысқа мерзімді активтер мен пассивтердің валюталық құрылымын пайдалы жағына қарай өзгертудің табыс көзі екендігін көрсетеді.
1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың құқықтық қамтылуы
Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде Халықаралық валюталық қорға мүше болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын “Ямаика” валюта жүйесiнiң құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың 14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” ҚР-ның алғашқы заңы қабылданды. Ол кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Қабылданған заң бойынша валютаны ырқына жiберу деңгейiне сәйкес келiп кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тiптi қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды. Ол заң бүгінгі таңда дейін экономиканың дамуына және заман талаптарына сай өзгертулер мен толықтыруларға ұшырады.
«Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес “валюталық операцияларға” төмендегiдей түсiнiк берiлген:
1) меншiк құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар соның iшiнде төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелер;
2) валюталық құндылықтарды кезкелген тәсiлмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөңелту мәмілелері;
3) ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы операциялар.
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
- Шетел валютасы;
- Номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құралдары;
- Тазартылған құйма алтын;
- Ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезидентттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Кейбiр экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрид, және жемчуг) жатқызады.
Iс жүзінде валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты болып бөлiнедi.
- Ағымдық операцияларға жататындар:
- тауарлар жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт импорт ммлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
- 180 күнен аспайтын несиелер беру жәе алу;
- салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге де операциялар бойынша девидендтердi, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;
- гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлiк сомманы, жалаөыны, зейнетақыны, элименттердi және басқа соммаларды аудару;
- осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
- Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
- инвестицияларды жүзеге асыру;
- интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойныша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған аударымдар;
- мүлiктiк құқыққа және өзге де жыложымайтын мүлiк құқығына төлеуге аударымдар;
- тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемiнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен асатын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт- импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
- 180 күннен асатын несиелер беру жәе алу;
- өздерi тiркелген мемлекеттрдiң заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктерiне және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;
- зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiмелер бойынша халықаралық аударымдар,
- жинақтау сипатындағы сақтандыру жәе қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.
Валюталық операцияларды бiздiң елiмiзде шетел валютасымен банктiк операциялар жүргiзуде ҚР Ұлттық банкiнен алған лицензиясы бар өкiлеттi банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР ұлттық банк валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүргiзедi.
Банктрдiң жүзеге асыратын валюталық операциялардың өзiндiк белгiлерiне байланысты жiктеледi:
- Клиенттердiң шоттарын ашу және жүргiзуге байланысты:
- заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;
- шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
- овердрафт (банктiң жетекшiлерiнiң шешiмiмен ерекше клиенттерге) несиелерiн беру;
- операция жасауларына қарай шоттың көшiрмелерiн беру;
- кез келген аралық уақытта шот архивтерiн рәсiмдеу;
- клиенттердiң тапсырмалары бойынша операияларды орындау (клиенттер есебiне шетел валютасын сатып ал және сату);
- экспорттық- импорттық операцияларға бақылау жасау.
- Сауда емес операциялар ( клиенттерге тауарлар мен қызметтер экспортты мен импортты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсету үшiн есеп айырысуға байланыссыз операциялар) сипатына қарай:
- қолма–қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сату және сатып алу;
- шетел валютасын жәе шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;
- шетел банктерiнiң жол чектерiн сатып алу ( төлеу);
- ақшалай аккредитивтердi төлеу.
3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
- НОСТРО шотын (бiздiң шотымыз сiзде) ашу және оны жүргiзу, яғни корреспоненттiк банкке коммерциялық банктiң атына ағымдық шот ашумн байланысты операциялар;
- ЛОРО шоты (сiздiң шотыңыз бiзде) коммерциялық банкте корреспондент- банктiң атына ағымық шот ашу және оны жүргiзу операциялары.
4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
СПОТ мәмiлесi – бiр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәмiлелер жасалған күннен кейiнгi банктiң екiншi күнiндегi валюталау күнi жүргiзiлген операциялар.
ФОРВАРД (мерзiмдi, аутрайт) мәмiлесi бр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алуға және сатуға байланысты мәмiле жасалған күннен кейiнгi 2 банктiк жұмыс күнiндегi валюталар күнi жүргiзiлген операциялар. Форвард операциясы (мерзiмдi мәмiле) – келiсiлген бағам бойынша белгiленген күнi бiр валютаны сатып алуға байланысты басқа валютаға айырбастау үшiн жасалған контакт. Форварт операциясы өз кезегiнде мынадай түрге бөлiнедi:
- Аурайтпен жасалған мәмiле – белгiлi бiр күнге валютамен жабдықтау шартын бiлдiредi;
- Опционмен жасалатын мәмiле – валютамен жабдықтаудың күнi белгiленбеген шартын сипаттайды;
СВОП мәмiлесi - бр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екi қарама-қарсы оперциялардан тұратын банктiк мәмiле.
Конверсиондық (айырбас) операциялар – сол елдiң қолма – қол және қолма қолсыз ұлттық валюталарына қарсы қолма- қол және қолма- қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмiлелерi.
Конверсиондық операцияларды банктiң валюталық позициясын есепке алмай жүргiзуге болмайды. Валюталық позиция – тиiстi валюталарда активтер пассивтердi қалыптастыратын ( аяқталмаған операциялар бойынша баланстан тыс талаптар мен мiндеттемелердi есек алғандағы), шетел валютасындағы қаражат қалдықтары.
Валюталық позицияның мынадай түрлерi бар:
- Ашық валюталық позиция – шетел валюталарындағы қаражаттарды алу талаптарымен беру мiндеттемелерiн көрсететiн, сандық жағынан активтер мен пассивтердiң сәйкессiздiгiн қалыптастыратын шетел валюталарындағы қаражат қалдықтарының айырмасн бiлдiредi.
- Қысқа ашық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасына байланысты пассивi мен баланстан тыс мiндеттемелерi активi мен баланстан тыс талаптарынан сандық жағына асатын ашық валюталық позиция.
- Ұзын ашық валюталық позиция – активi мен баланстан тыс талаптарынан осы валютадағы пассивi мен баланстан тыс мiндеттемелердiң сандық жағынан асатын ашық валюталық позиция.
- Жабық валюталық позиция – жекелеген шетел валютасына байланысты активтер мен пассивтердiң (аяқталмаған опрациялар бойынша баланстан тыс талаптар мен мiндеттемелердi алғанда сандық жағынан сәйкес келуiн сипаттайтын валюталық позиция.
- Халықаралық есеп айырысу бойынша:
- Құжатталған аккредитивпен есеп айырысу операциялары;
- Құжатталған инкоссомен есеп айырысу операциялары;
- Банктiк операиялар бойныша есеп айырысу операциялары.
Құжатталған аккредитив – акккредитивке көрсетiлген құжаттарға қарсы экспортердың пайдасына өзiнiң бұйырушы клиентерiнiң өтiнiшi бойынша жасайтын аккредив ашушы банктiң мiндеттемесi.
Құжатталған никассо- эмитент – банктiң, сенiм бiлдiрушiнiң берген құжаттарын төлеушiге төлеу үшiн ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзiне алған мiндеттемесi.
Банктiк аударым – банктiк аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негiзiнде барлық есеп айрысудағы валюталық түсiмдердi өкiлеттi банктердiң шотына есепке алынуын бiлдiредi.
- Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыруға қарай:
- Депозиттердi тарту:
- жеке тұлғалардан;
- заңды тұлғалардан оның iшiнде банкаралық депозиттер;
- Несиелер беру:
- жеке тұлғаларға;
- заңды тұлғаларға;
- Банкаралық нарықтық несиелердi орналастыру.
- ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗЕТІН ЖӘНЕ РЕТТЕУ ОРГАНДАРЫ МЕН ҰЙЫМДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібін 2001 жылғы 21 сәуірдегі ҚР Ұлттық Банкі бекіткен «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесі» реттейді.
Қазақстан Республикасы аумағындағы резиденттер мен резидент еместер жүргізетін валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктік нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәккілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Резидент және резидент емес валюта операцияларын жүзеге асырған кезде, уәкілетті банкке Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етілген құжаттарды беруге міндетті. Осы ережеде және Ұлттық банктің басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент және резидент емес мұндай құжаттарды бермесе, уәкілетті банк олардың төлемдерін немесе ақша аударымдарын жүзеге асыруға құқылы емес.
Резидент Ұлттық Банктің лицензиясын және тіркеу куәлігінің болуы талап етілетін валюта операциялар бойынша төлем жасаған немесе ақша аударған кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензиясының және тіркеу куәлігінің түпнұсқалары мен нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті. Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін олардың көшірмелері уәкілетті банкке қалады.
Осы аталған валюта операцияларын жүргізу нәтижесінде алынған ақша резиденттің пайдасына түскен жағдайда Ұлттық Банктің лицензиясын немесе тіркеу куәлігін ұсынбаса да, уәкілетті банк түскен ақшаны резиденттің банктік есепшотына аударуға құқылы, сондай-ақ резиденттерге мұндай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы алдын ала жазбаша хабарлауға тиіс.
Резидент арасындағы валюталық операциялар бойынша барлық төлемдермен ақша аударымдары валюта операцияларын жүргізу ережесінде Ұлттық Банктің басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде, салық және кеден заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана жүргізілуі тиіс. Уәкілетті банктер резиденттерінің және резидент еместердің валюталық операцияларды жүргізу жөнінде банктік қызметке ақылы тараптардың келісуі арқылы ұлттық валютамен немесе шетел валютасымен алады. Резиденттре арасында жасалған шарттар бойынша, оның ішінде банктік қызмет көрсету көзделген шарттар бойынша тұрақсыздық ойынпұлдары ұлттық валютамен төленеді.
Валюталық реттеу қызметін жүзеге асыратын негізгі орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Оның өзіндік дара құқықтық дәрежесі бар және валюталық мәселелерді шешетін, сондай-ақ нормативтік актілерді талдау жасайтын орган болуымен қатар, өзінің валюталық операцияларын жүзеге асыратын жанама реттеу органы екендігімен де анықталады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
- өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
- мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
- туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
- қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
- чек жазып бередi және вексельдер бередi;
- егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.
Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi:
- Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
- Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
- Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
- Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
- Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
- Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
- Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
- Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
- Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
- Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
- Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.
2.2 Валюталық операцияны жүргізетін маманданған ұйымдар және олардың міндеттері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі біртұтас мемлекеттік қаржы саясатын үйлестіретін және бақылайтын басты атқарушы орган.
Біртұтас мемлекеттік қаржы саясатының валюталық реттеу жөніндегі шараларын жүзеге асырудағы негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- Мемлекеттік қаржыны басқару;
- Шетелдік капиталды басым бағыттар арналарымен пайдалану мәселесінде мемлекеттік саясатты жүргізу;
- Мемлекеттің сырттан алған займдары мен гранттарын тиімді пайдалануды бақылау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1997 жылғы 31 наурыздағы «ҚР-сы мүше болып кірген халықаралық қаржы ұйымдарындағы операцияларды есептеу туралы» нұсқауына сәйкес ҚР-ның Ұлттық банкі Қазақстанның қарэылық агенті және халықаралық қаржы ұйымдарындағы депозитариі болып есептелінеді.
Халықаралық валюта қорында (МВФ) ҚР-ның Ұлттық банкі өзінің есепшоттарын ашады. МВФ-пен жүргізілетін операцияларды сенімді қамтамасыз ету мақсатында қосымша үші негізгі есепшоттар ашылған. Оларға МВФ-пен операциялар үшін пайдаланылатын есепшот, әкімшілік операциялары үшін пайдаланатын есепшот және бағалы қағаздар есепшоты жатады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес валюталық операцияларды жүргізетін субъектілер қатарына уәкілетті банктер жатады. Резидент заңды тұлғалардың уәкілетті банктік есеп шоттарында Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында тыйым салынбаған операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған шетел валютасы шектеусіз есепке алынады.
Тауар экспорты үшін ақы төлеу ретінде резидент-заңды тұлғалар алған валюта Ұлттық Банктің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес резидент резидент-заңды тұлға алған Ұлттық банктің тиісті лицензиясында басқаша көзделмесе тауар күнінен бастап 120 күннің ішінде уәкілетті банкте олардың банктік есепшотында міндетті түрде аударуға тиіс.
Уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының валюталық заңнаманың сақталуын тексеру мақсатында жүргізілетін валюта операцияларына қатысты қажетті ақпараттар мен құжаттарды қосымша сұратуға құқылы.
Резидент заңды тұлғалардың банктік есепшоттарынан қолма-қол шетел валютасы резидент емес қызметкерлерге жалақы төлеу үшін және қызметкерлердің шет елдердегі қызметтік іс-сапарларға баруына байланысты шығыстарға арнап алынуы мүмкін.
Ұлттық банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыруға берген лицензиясы бар резидент заңды тұлғалар уәкілетті банктредегі өздерінің банктік есепшоттарынан айырбас операцияларын жүргізу үшін қолма-қол шетел валютасны алуына болады.
Резидент заңды тұлғалар ішкі валюта рыногында тек мына мақсаттарға арнап:
- Резидент еместердің пайдасына төлем жасауға және ақша аударуға;
- Уәкілетті банктерден шетел валютасымен алынған кредиттер бойынша міндеттемелерді орындауға;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іс-сапар және өкілдік шығыстарына;
- Корпоративтік карт-есепшотты толтыруға;
- Жеке тұлғалардың шетел валютасы бойынша салымды өтемдерін өтеуге;
- Қолма-қол шетел валютасымен айырбас операциясын жасауға; Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларға арнап шетел валютасын алуына болады.
Резидент-заңды тұлғалар шетел валютасын сатып алуға тапсырыс рәсімдеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуі тиіс, сондай-ақ шетел валютасы сатып алынатын операцияларды жасау қажеттігін растайтын құжаттарды қоса береді және банкке осы валютаны оны сатып алған күннен бастап, отыз күнтізбелік күн ішінде белгіленген мақсат бойынша пайдаланбаған жағдайда ішкі валюта рыногында ағымдағы рыноктық бағам бойынша сатуға уәкілетті етуі тиіс.
Резидент емес заңды тұлғалардың валюта операцияларны жүргізу үшін уәкілетті банктерде банктік есепшоттар ашуға құқылы. Резидент емес заңды тұлғалардың уәкілетті банктердегі банктік есепшоттарында Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген тәртіппен түсетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына тыйым салынбаған операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған ұлттық және шетел валютасы шектеусіз есепке алынады.
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттерi жүргiзедi. Валюталық бақылау органдары болып заң бойынша валюталық бақылау қыметiн жүргiзетiн ұйымдар, валюталық операциялар жүргiзетiн өкiлеттi банктер жүргiзедi.
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;
1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;
4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен жұмысты аяқтай келе келесідей қорытындыға келуге болады: валюталық операциялар валюталық қатынастардағы негізгі элементтің бір болып табылады. Экономикада валюталық операциялардың түрлері арқылы екі жақты келісуші тұлғалар арасында валюталық есеп айырысу мәмілелері, сыртқы займдардың немесе әр түрлі төлемдердің арасындағы операциялар, ұлттық валюта мен шетел валютлары арасындағы операциялар мен айырбастаулар, экспорт пен импорт мәмілелерінде және әр түрлі валюталық операциялар арқылы пайда табатын және қызметтер атқаратын тұлғалар мен қатысушылар әрекет жасайды.
Сондықтан ұлттың дамуына тікелей әсер ететін және шетелдермен қарым-қатынаста басты құралдардың бірі болып табылатын валюталық операцияларды және оның бүгінгі экономикалық-қаржы қатынастары дамыған замандағы түрлерін жан-жақты дамытудың, оны құқықтық жағынан қолдаудың және тиімді іске асып отыруын қамтамасыз ету күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Қорыта келгенде, валюталық операциялардың экономикадағы негізгі түрлеріне келесі операцияларды жатқызамыз: кассалық операциялар және мерзімдік операциялар. Валюталық операциялар қарыз тетіктерін туындататын ақша ағындарының сипаттамасын өзгертуге мүмкіндік береді, сөйтіп операцияны жүзеге асырушы жаққа оны тартымдырақ етеді.
Кассалық келісімдер немесе дереу оырндалатын келісімдер спот (spot) ережелеріне сай жүзеге еасырылады. Спот бағамы (курсы) операция жүргізіліп жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай классикалық келісімдер валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолдналылады.
Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар жатады. Соңғы жылдары қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін дәл осы мерзімдік сауда құрап отыр. Мерзімдік келісім шарттар рыноыгының түрлеріне келетін болсақ, олар мынадай:
- Форвардтық келісімдер рыногы;
- Фьючерстер рыногы;
- Опциондар рыногы.
Осы аталған және басқа да валюталық операцияның түрлеріне жұмыс барысында толық тоқталып өттім және олардың қызмет ету барысын талдадым.
Сондай-ақ валюталық операциялардың еліміздегі жай-күйі мен олардың құқықтық қамтамасыз етілуін, валюталық операциялармен қызмет ететін ұйымдар және қатысушылардың әрекеттері мен мақсаттары туралы тоқталып өттім.
Жалпы айтқанда Қазақстанның қаржы және банктік жүйелерінің дамуының күннен-күнге жаңа талаптарына өтуіне байланысты олар жүргізетін валюталық операциялардың да қазіргі әлемдік стандарттарға жақын формалыр мен түрлері пайда болып және олардың елімізде дамуына жол ашылып келе жатыр.
Сонымен қатар елімізде валюталық операцияларды және олармен мәмілелерді дамытудың өзектілігі алдағы жылдары ұлттық банк жүйеміздің әлемдік стандарттарға өтуіне байланысты валюталық операциялардың да әлемдік сатндарттарға өтуі орын алады. Әрине ол үшін осы аталған валюталық операциялар және банк секторын қазірден бастап халықаралық талаптарға сай негізде іске асыруды қолға алуымыз керек. Ол үшін жоғарғы мамандар дайындау, шетелдермен тәжірибе алмастыру және банктердің операцияларын дамыту қажеттігі туындап отыр.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Заңдар:
- “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
- “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 12.1996.
Оқулықтар:
- Байгiсиев Майдан-Әлі / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
- Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
- Роде Э и др. / Банки, биржа валюта современного капитализма, - Москва, 1986 г.
- С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
- Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
Мерзімді басылымдар:
- С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2003 ж.
- Бертаева К.Ж. «Наличные и срочные валютные операции» // Банки Казахстана, №3, 2004г.