Ол бұрынғы министр Бекетаевқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі көлемдегі ұрлық және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын атап өтті.
"3 наурызда қылмыстық іс сотқа жіберілді", – деді Данияр Биғайдаров.
Іс бойынша тергеу құпия түрде жүргізілгені бұрын хабарланған болатын. 2023 жылдың 23 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың баспасөз қызметі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады. Кейінірек Бас прокуратура бұрынғы әділет министрінің елден шықпақ болған жерінде ұсталғанын хабарлады.