
2025 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,9 трлн теңгеге жетті.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға көп (2024 жылы – 8,3 трлн теңге).
Үкіметтің хабарлауынша, инвестициялардың басым бөлігі тау-кен өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік операцияларына, көлік пен қоймалауға, білім беру мен ауыл шаруашылығына, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына бағытталған.
Экономикалық өсім де жоғары көрсеткішке жетті: 2025 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша ел экономикасы 6,3%-ға артқан. Нақты сектордағы өсім – 8,3%, қызмет көрсету саласында – 5,2%.
Негізгі драйверлердің өсімі:
-
көлік – +22,5%
-
құрылыс – +18,5%
-
сауда – +8,6%
-
тау-кен өнеркәсібі – +8,5%
-
өңдеу өнеркәсібі – +6,1%