Жаңалықтар
Еркежан Күнтуған Президент телерадиокешені директорының орынбасары болып тағайындалды
Жаңа қызметінде Күнтуған ұйым жұмысының негізгі бағыттарын үйлестіруге атсалысады. Оның ішінде телевизиялық контентті дамыту, ақпараттық және шығармашылық жобаларды іске асыру, сондай-ақ өндірістік үдерістерді жетілдіру бар.
Ол Jibek Joly телеарнасын 2023 жылдың қаңтарынан бері басқарған. Оған дейін Президент телерадиокешенінің креативті директоры қызметін атқарды.
Әр жылдары Atameken Business телеарнасында атқарушы продюсер, «Евразия» телеарнасында креативті продюсер болып жұмыс істеген.





