Жаңалықтар
Ерсайын Хамитов Отбасы банкінің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

1983 жылы туған, 2022 жылдан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2016 жылдан бастап Холдингтің басқарма мүшесі.
Банк саласында және корпоративтік басқаруда 14 жылдық тәжірибесі бар. 2009 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Инвестицияларды басқару департаментінің бас менеджері, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
2004-2009 жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Қостанай филиалы) несие талдау секторының меңгерушісі, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Несие талдау департаментінің бас талдаушысы, «БТА Банк» АҚ Корпоративтік бизнес басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
Қостанай мемлекеттік университетін (қаржы және несие) бітірген; МГУ-да MBA бағдарламасы бойынша оқыған.