Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ержан Тәтішевтің отбасы Тоқмәдиге қатысты мәлімдеме жасады

Ержан Тәтішевтің отбасы Тоқмәдиге қатысты мәлімдеме жасады

2004 жылы қайғылы жағдайда қаза тапқан белгілі қазақстандық кәсіпкер Ержан Тәтішевтің отбасы мен жақындары Мұратхан Тоқмадидың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкіндігіне қарсы екендерін айтып наразылықтарын білдірді.

«2018 жылы Мұратхан Тоқмади Ержан Тәтішевті тапсырыспен өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Оның кінәсі сотта жеке мойындауы мен ұзақ сот процесі арқылы дәлелденді. Соған қарамастан, сот оны небәрі 10 жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, ал прокурорлар 12 жыл сұраған еді. Татишевтің отбасы бұл үкімді осындай ауыр қылмыс үшін тым жеңіл деп санайды», деп жазылған отбасы таратқан мәлімдемеде.

Тәтішевтің туыстарының мәлімдеуінше Мұратхан Тоқмади 2017 жылдың маусым айында қамауға алынып, шығарылған үкімге сәйкес 2030 жылға дейін қамауда қалуы керек.

«Біздің отбасыға Мұратхан Тоқмадидың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін екені жайлы хабар беріліп ескертілмегендіктен, біз бұл жағдайдан соң өзімізді әділетсіздікке ұшырағандай сезінеміз. Соттың бұл шешімін қисынсыз және «заңсыз» деп санаймыз, өйткені кісі өлтіргені үшін сотталған әр қылмыскер өз әрекеті үшін толық жазасын өтеуі керек», дейді марқұмның отбасы.

Олар сондай-ақ, түзету мекемесінің әкімшілігін, прокуратураны және сотты бұл істі қайта қарауға және шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартуға шақырған. Тәтішев туыстарының пікірінше әділдік орнап, қорғану құқығынан айырылған отбасының мүдделері ескерілуі маңызды. 

Ұқсас материалдар