![Еуроодақ Өзбекстанға Арал қайраңын жақсартуға €8,8 млн бөлді](/uploads/posts/1739176828_DdvDFUCJDWwhufeNPFJojYztp13tsvEg/image/original.webp)
Биыл Еуропалық Одақ Арал теңізінің табанын қалыпқа келтіру бойынша арнайы жоба әзірлеп, Өзбекстанға 8,8 миллон еуро қаржы бөлді, деп хабарлайды 24KZ.
Гранттан бөлек, кәрі құрлықтағы ұйым мен Өзбекстан арасында құны 30 миллион долларлық несиелік келісімге қол қойылған. Қаржы Арал аймағындағы әлеуметтік экономикалық жағдайды жақсартып, экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Өзбекстан 2030 жылға қарай Арал қайраңының 78%-ін жасыл желекке айналдыруды көздеп отыр. Арал атырабының жалпы аумағы 6 млн гектар болса, соның дені Өзбекстанға тиесілі.
Қазір теңіздің солтүстік және батыс бөлігі ғана сақталған. Жылдам құрғаған айдын аймақ экологиясы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайына зор зиян келтірді. Теңіз табанынан ұшқан тұз құммен араласып, дүлей дауылға айналады. Осыған байланысты Қазақстан мен Өзбекстанда кешенді орман өсіру жобасы бар. Көршіміз бұл істе түрлі тәжірибені енгізген. Жалпы аумағы 1 млн 700 мың гектар жерге сексеуіл мен өзге де өсімдіктер егіліп отыр.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Зиновий Новицкий: «Біздің тарапта егілген жасыл желектің биіктігі 2 метрге дейін жетті. Нәтижесінде шаң-тозаңның әуеге көтерілу процесі азайып келеді. Енді сол аумақтарды жайылымға айналдыруды көздеп отырмыз. Шаруашылыққа жайлы жағдай жасалатын болады. Малға азық саналатын өсімдіктер егіледі. Жергілікті жұрт төрт түлігін түлетеді», – деді.
Ала шапанды ағайындар экологиялық аймақта ауылшаруашылық саласын дамытуға күш салып жатыр. Тіпті, ара өсіру жайын да қарастырыпты. Егілген сексеуіл қоршаған ортаға оң әсер еткен. Айдынды суға толтыру сағымға айналғанымен, бос алқапты кәдеге жаратып, ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар. Жалпы Арал аймағында әлі 4 миллионнан аса жерді жасылдандыру көзделіп отыр. Бұл мақсатқа Өзбекстан бюджетінен жыл сайын 25 млрд сом қарастырылған. Халықаралық ұйымдардан да қомақты қаржы бөлу дәстүрі жалғаса бермек.Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда автосақтандыру бағасы қымбаттайды
- 11 ақпан, 2025
Жаңа Салық кодексі Парламент қарауына қашан енгізіледі?
- 11 ақпан, 2025