FTX криптовалюталық биржасы Binance экс-басшысы Чжао Чанпэннің үстінен шағым түсірді
2022 жылы банкротқа ұшыраған америкалық FTX криптовалюталық биржасы Binance және оның бұрынғы бас директоры Чжао Чанпэнге қарсы сотқа шағым түсірді.
Онда 2021 жылдың шілде айында FTX-тің Binance, Чжао Чанпэн және басқа да топ-менеджерлерден 1,76 млрд доллар көлеміндегі токендерге айырбастап, өз акцияларының 20%-ын сатып алған мәміле туралы айтылады.
FTX бұл мәмілені алаяқтық деп атап, токендерді қайта конкурсқа жіберу үшін қайтаруды талап етуде. Олардың пікірінше, бұл транзакция жүзеге аспауы тиіс еді.
Аталған мәміле 25 жылға сотталған FTX негізін қалаушы Сэм Банкман-Фридпен жасалған келісімдердің бір бөлігі. Чжао Чанпэн осы жылдың сәуір айында Binance-тен кеткен болатын және ақшаны заңсыз жолмен жылыстатуға қарсы механизмдердің жеткіліксіздігіне қатысты кінәсін мойындап, төрт айға бас бостандығынан айырылған болатын.