Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ғылымды дамыту саласында 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған – ЖАП

Ғылымды дамыту саласында 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған – ЖАП

Жоғары аудиторлық палата ғылымды дамытуға бөлінген бюджет қаржысына аудит жүргізіп, елеулі бұзушылықтар мен тиімсіздіктерді анықтады.

Аудит қорытындысы бойынша:

  • 1,7 млрд теңге – қаржылық бұзушылықтар;
  • 24,2 млрд теңге – тиімсіз жоспарланған;
  • 42,5 млрд теңге – тиімсіз пайдаланылған.

Сонымен қатар, ғылыми жобаларды қаржыландыруда кешіктірілген конкурстар, сапасыз мониторинг, мүдделер қақтығысы тәуекелдері мен жауапкершілік тетіктерінің болмауы сияқты жүйелі проблемалар тіркелді.

Аудиторлар қолданбалы ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторының сұранысына бейімдеу қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, Ғылым қоры қаржыландырған 42 жоба жоспарлы көрсеткішке жете алмаған, ал 8 жоба бойынша мүлде өнім шығарылмаған.

Анықталған фактілердің бір бөлігі құқық қорғау органдарына жолданады. Үкімет пен Ғылым және жоғары білім министрлігіне кемшіліктерді жоюға қатысты ұсынымдар берілді.

Ұқсас материалдар