Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған.
Бүгінгі таңда Көлік министрлігі Жүктерді халықаралық тасымалдауға шетелдік рұқсат бланкілерін (ШРБ) берудің бұрын қолданылып жүрген тәртібінің орнына барлық отандық тасымалдаушылар үшін қандай да бір шектеусіз тең қолжетімділікті ашатын және неғұрлым бәсекеге қабілетті орта қалыптастыратын жаңа тетік енгізіп жатыр. Осылайша, өтінімді қарау мерзімін екі жұмыс күнінен 40 минутқа дейін қысқартып және төлегеннен кейін бірден бере отырып, ШРБ беру кезінде адами фактор толығымен алынып тасталады. Бұл ретте ШРБ алуға сұрау салу әрбір автокөлік құралына жеке беріледі, – деді бірінші вице-премьер.
Оның атап өтуінше, автокөлік құралдарының кіруін және шығуын бақылау «Бүркіт» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл ШРБ-нің көлеңкелі нарықта қайта сатылуын болдырмауды қамтамасыз етеді.
«Сонымен қатар, Көлік министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекске ШРБ қайтарудың белгіленген мерзімдерін (30 күннен астам) бұзғаны үшін жауапкершілікті енгізу бөлігінде түзетулер әзірледі. Қазіргі уақытта осы түзетулер бойынша реттеушілік әсерді талдау жобасы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлданды», – деді Роман Скляр.