Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Harley-Davidson нарықтағы 238 мың мотоциклін қайтарып алады

Harley-Davidson нарықтағы 238 мың мотоциклін қайтарып алады
Алматы. 24 қазан. 7kun.kz - Ең ірі американдық мотоцикл өндірушісі Harley-Davidson Inc. гидравликалық  проблемаларын жою үшін 238,3 мың мотоциклді ерікті түрде нарықтан қайтарып алады. Қайтарылатын мотоциклдер қатарында 2017 және 2018 жылдары шыққан Touring, Trik және CVO Touring бар , сондай-ақ 2017 жылғы кейбір Softail модельдері осы тізімде. Өнімнің нарықтан кері қайтарылуына байланысты шығындар 35 млн долларды құрайды, олар IV тоқсан бойынша есептілікте жүргізілетін болады. Harley-Davidson-ның таза табысы шілде-қыркүйек айларында  113,86 млн долларға дейін өсті. 2018 жылы Harley-Davidson 231 мыңнан 236 мыңға дейін мотоцикл сатуды жоспарлап отыр.

Похожие материалы