Экономика
Harley-Davidson нарықтағы 238 мың мотоциклін қайтарып алады
Алматы. 24 қазан. 7kun.kz - Ең ірі американдық мотоцикл өндірушісі Harley-Davidson Inc. гидравликалық проблемаларын жою үшін 238,3 мың мотоциклді ерікті түрде нарықтан қайтарып алады.
Қайтарылатын мотоциклдер қатарында 2017 және 2018 жылдары шыққан Touring, Trik және CVO Touring бар , сондай-ақ 2017 жылғы кейбір Softail модельдері осы тізімде.
Өнімнің нарықтан кері қайтарылуына байланысты шығындар 35 млн долларды құрайды, олар IV тоқсан бойынша есептілікте жүргізілетін болады.
Harley-Davidson-ның таза табысы шілде-қыркүйек айларында 113,86 млн долларға дейін өсті.
2018 жылы Harley-Davidson 231 мыңнан 236 мыңға дейін мотоцикл сатуды жоспарлап отыр.