Hyundai компаниясы Palisade-тың жаңартылған нұсқасының суретін жариялады. Бұл модель айтарлықтай жаңартулармен, жаңаша дизайнымен және кең функционалдылығымен ерекшеленеді. Үш қатарлы SUV-тің сырты қатал әрі заманауи келбетке ие болған.
Жаңа Palisade бұрынғыдай 7,8 орындықпен қатар 9 орындық конфигурацияны ұсынады. Тоғызыншы орындық алдыңғы қатарда орналасады. Бұл ерекшелік көлікті шағын автобус санатында енгізеді. Сондықтан оның иелеріне Кореяның өзінде жеңілдіктер ұсынылмақ. Тоғыз орындықтың пайда болуы оны үлкен отбасылар мен ұзақ сапарларға арналған ең қолайлы көліктердің біріне айналдырады. Әрбір жолаушы үшін жайлылыққа ерекше көңіл бөлінген: кең орындықтар, реттелетін климаттық бақылау және қосымша USB порттар қарастырылған.
Көліктің салоны қазіргі заманға сай жоғары технологиялармен жабдықталған. Мультимедиалық жүйенің экраны 12 дюймге дейін үлкейген, ал Apple CarPlay және Android Auto функциялары енді сымсыз жұмыс істейді. Сонымен қатар, жүргізушінің көмекші жүйелері де жетілдірілген: автоматты тежеу жүйесі, жолақтан шығуды болдырмау функциясы және айнала шолу камерасы бар.
Жаңа Palisade қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарына сәйкес жасалған. Көлікте алдыңғы және бүйір жастықтары, жүргізушіге арналған көзбен шолу жүйесі және жаяу жүргіншілерді анықтау функциясы сияқты мүмкіндіктер де ұсынылған. Көліктің техникалық ерекшеліктері туралы ақпарат толық емес. Тек гибрид түрі пайда болады деген ақпарат бар.
Жаңартылған Hyundai Palisade 2025 жылдың басында нарыққа шығады деп күтілуде. Бағалары мен толық жиынтықтары жақын арада жарияланады. Көлікті алғаш рет Оңтүстік Корея нарығында сатып алуға болады, ал кейінірек басқа елдерде де сатылымға шығады.
Hyundai Palisade кроссоверінің алғаш нұсқасы 2018 жылы таныстырылған, ал 2022 жылы рестайлинг жасалды. Соңғы нұсқасына Оңтүстік Кореяданың өзінде айтарлықтай сұраныс жоқ. Компанияның мәліметтері бойынша, 2024 жылдың қаңтарынан қазан айына дейін бар болғаны 16 543 Palisade сатылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе аз. Ал АҚШ-та, керісінше, рекорд орнатты: 2024 жылдың алғашқы он айында 90 775 көлік сатылып үлгерді, бұл 2023 жылдың жалпы көрсеткішінен (89 509 дана) асып түсті.