Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Hyundai Үндістандағы еншілесін IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр

Hyundai Үндістандағы еншілесін IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр
Оңтүстік Кореяның Hyundai Motor компаниясы Үндістандағы еншілесі Hyundai Motor India Ltd-ді 19 миллиард долларға бағалап, биржаға шығаруды жоспарлап отыр, деп жазады Bloomberg ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша автоөндіруші 22 қазанда Мумбайдағы IPO-да 17,5% үлесін шамамен 3,3 миллиард долларға сатпақшы. Дегенмен, мәміленің параметрлері мен уақыты әлі де өзгеруі мүмкін.

Бірқатар үнділік және шетелдік институционалдық инвесторлар, соның ішінде басқарушы компаниялар, сақтандырушылар, зейнетақы және ұлттық қорлар орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алуға қызығушылық танытқан.

Үндістанның бағалы қағаздар және биржалық кеңесі (SEBI) осы аптада Hyundai-ға IPO-ға  шығуға рұқсат берді. Егер компания акциялары 3,3 миллиард долларға сатылса, бұл Үндістандағы ең ірі ІРО болады. Бұған дейін Life Insurance Corp қана ІРО кезінде 2022 жылы 206 миллиард рупий (2,5 миллиард доллар) жинаған. 
 
Bloomberg мәліметтері бойынша, Үндістанда жыл басынан бері жүргізілген бастапқы орналастырулардың жалпы көлемі 9 миллиард доллардан асады, бұл 2023 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен шамамен екі есе көп.

Ұқсас материалдар