Америкалық миллиардер, Tesla мен SpaceX негізін қалаушы Илон Маск 2024 жылы 474 млн долларды қайырымдылыққа жұмсады.
Қаражаттың басым бөлігі Масктің өзі құрған ұйымдарға бағытталған: мысалы, STEM бағытындағы мектеп ашуды көздейтін Foundation қоры 370 млн доллар алды.
Сонымен қатар, миллиардер:
-
Геркуланум қазбаларынан табылған шиыршықтарды цифрландыру жобасына 2,1 млн доллар бөлді,
-
Лос-Анджелестегі Холокост мұражайына,
-
Еуропалық еврей қауымдастығына қолдау көрсетті.
2021-2024 жылдары Маск жалпы 1 млрд доллардай қайырымдылық жасаған. Осы уақытта оның байлығы айтарлықтай өсті: қазіргі бағалауға сәйкес, ол 434,6 млрд долларды құрайды.





