Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгеруі мүмкін

Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгеруі мүмкін

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені бастапқы жарна көлеміне қарай белгілеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. Оның айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банк-пен бірлесіп, несие бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін қайта қарау мәселесін талқылап жатыр.

Жоспарға сәйкес, бастапқы жарнасы 30% және одан жоғары ипотекалық несиелер үшін мөлшерлемені 20% деңгейінде белгілеу ұсынылуда. Ал бастапқы жарнасы 30%-дан төмен болған жағдайда пайыздық мөлшерлеме бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Сонымен қатар нарық қатысушылары бұл өзгерістердің ипотеканың қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін екенін айтып отыр. Осыған байланысты бастаманы кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту мәселесі де қаралуда.

Агенттік мәліметінше, қазіргі уақытта елдегі базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде, ал нарықтағы ипотеканың орташа мөлшерлемесі 20-22% шамасында.

Бұл мәселе әзірге талқылау кезеңінде, түпкілікті шешім қабылданған жоқ.

Ұқсас материалдар