Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Израиль Иран астанасына әуеден шабуыл жасады

Израиль Иран астанасына әуеден шабуыл жасады

Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац бүкіл ел аумағында дереу ерекше жағдай енгізілгенін хабарлады.

Израиль әскерилері Ирандағы ондаған ядролық және әскери нысандарға соққы беріп жатқанын мәлімдеген. Парсы еліндегі әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі толық іске қосылған. Әзірге құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, израильдік әскерилер Тегерандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) жоғары шенді командирлері тұратын пәтерлерге де шабуыл жасаған.

Израиль өздеріне Иранның зымыран және дронмен шабуылдауы мүмкін екенін ескеріп, төтенше жағдай жариялады.

Бұған дейін Тегеран егер Тель-Авив тарапынан шабуыл жасалса, олардың әскері өңірдегі АҚШ базаларына шабуылдайтынын мәлімдеген болатын.

Ұқсас материалдар