
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысына апталық инспекция жасады. Нысанды аралағаннан кейін, мердігерлердің қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыс қорытындысы бойынша қосымша титулдарға арналған жабдықтардың сызбаларын бекітуді жеделдету, бетон құю және жабдықты монтаждау үшін күкірт алу блогындағы алаңның дайындығын қамтамасыз етуге қосымша ресурстар тарту туралы тапсырма берілді. Бұдан басқа, іске қосу-реттеу жұмыстарының жобасын әзірлеуге кірісу және құрылыстың бір апталық ілгерілеуін ұлғайту үшін шаралар қабылдау тапсырылды.
Мейірбек Ихсанов сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 1600-ден астам адам, 296 дана техника жұмылдырылды. Жұмысшылар үшін қауіпсіздік аудиттері мен оқу-жаттығу жиындары өткізіліп тұрады.
Қазір бетон құю, металл конструкциялары, эстакадалар мен құрал-жабдықтарды монтаждау, жерасты құбырларын салу мен резервуарларды жинау жұмыстары жүруде.
Құрылыс-монтаж жұмысы бойынша прогресс:
- Газды кешенді дайындау қондырғысыныңіргетастарын құю бойынша бетон жұмыстары –42 168 м³ (жоспар 72 447 м³), прогресс 58,2%.
- Металл конструкцияларының монтажы – 2 510тонна (жоспар 19 830 тонна), прогресс 12,7%.
- Механикалық құрал-жабдықтың монтажы – 2 757 тонна, прогресс 30,1%.
- Резервуарларды монтаждау – 454 тонна (жоспар2 705 тонна) прогресс 16,8%.
- Жерасты құбырларының монтажы – 14 067 м (жоспар 56 447 м) прогресс 24,9%.
Қашағандағы ГӨЗ құрылысы кестеге сай жүруде.