Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қарқара» өткізу пункті тәулік бойы ашық

Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қарқара» өткізу пункті тәулік бойы ашық

25 тамыздан бастап Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы «Қарқара-автомобиль» өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істей бастады.

Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, бұл шешім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары кезінде екі ел басшылары қол жеткізген келісімдер негізінде қабылданған.

Ыстықкөл облысының Түп ауданында орналасқан көпжақты бақылау-өткізу пункті адамдар мен көлік құралдарының өтуіне арналған.

2026 жылы мұнда заманауи шекара инфрақұрылымы салынып, өткізу қабілеті мен бақылау тиімділігі айтарлықтай артады деп жоспарланып отыр.

Айта кетсек, бұған дейін «Қарқара» бекеті тек күндізгі уақытта ғана жұмыс істеген. 2024 жылдың қазанында Қырғызстан Жогорку Кенеші тәулік бойы жұмыс істеу режимін қолдап, кейін Президент Садыр Жапаров келісімді ратификациялаған болатын.

Ұқсас материалдар